Әлемдік автокөлік өнеркәсібі дағдарыстан шықты: жаңа автокөлік сатылымы 11% көбейді

Фото: https://www.shutterstock.com/

22 просмотров

Биыл қаңтар–мамырда Қазақстанда жаңа автокөлік сатылымы 66,3 мыңға жетті, бұл 2022 жылғы қаңтар–мамырмен салыстырғанда бірден 65,8% көп.

Биыл жылдың алғашқы бес айының қорытындысы әлемдік автоөнеркәсіп іс жүзінде қалпына келгенін сенімді түрде көрсетіп отыр. 2023 жылдың қаңтар–мамырында әлем бойынша жаңа автокөлік сатылымы 34,8 млн болды, бұл 2022 жылдың қаңтар–мамырымен салыстырғанда 10,5% артық. Әлемде сатылған әрбір үшінші жаңа көлік Қытайға тиесілі: 10,4 млн автокөлік, бір жылда 10,5% көбейген. Одан кейін АҚШ (6,3 млн автокөлік) және Батыс Еуропа (5,4 млн автокөлік).

Былтырғымен салыстырғанда Жапонияда жаңа автокөлік сатылымы айтарлықтай өсті: 17,5% көбейіп, 2023 жылдың қаңтар–мамыр айларында 2 млн болды. Одан кейінгі орында Шығыс Еуропа, оның ішінде Түркия және Батыс Еуропа — тиісінше 16,4% және 16,3% көбейген. Бұл ретте көршілес Ресейде биыл қаңтар–мамырда бар болғаны 225,5 мың жаңа көлік сатылғанын атап өткен жөн, бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 26% аз.

Әлемдік автокөлік өнеркәсібі дағдарыстан шықты: жаңа автокөлік сатылымы 11% көбейді