Денсаулық сақтау жүйесінің деңгейі рейтингінде Қазақстан 89 елдің ішінен бар болғаны 82-орында

Фото: https://www.shutterstock.com/

573 просмотров

CEOWORLD журналының мәліметінше, Оңтүстік Корея, Тайвань және Дания инфрақұрылым, медицина қызметкерлерінің құзыреттерін, медициналық қызметтердің құнын, сапасын және мемлекеттік аппараттың дайындығын ескере отырып, әлемдегі ең жақсы денсаулық сақтау жүйесіне ие.

Зерттеу барысында ТМД елдері арасында Беларусь (89 елдің ішінде 57-орын), Ресей (58-орын), Украина (81-орын), Қазақстан (82-орын) және Әзірбайжан (86-орын) сияқты елдер бағаланды. Рейтингтегі негізгі көрсеткіштер бойынша ТМД елдері көптеген мемлекеттерден айтарлықтай төмен және олардың ешқайсысы көшбасшылыққа үміткер емес.

Рейтингке 89 мемлекет кірді.

Денсаулық сақтау жүйесінің деңгейі рейтингінде Қазақстан 89 елдің ішінен бар болғаны 82-орында