2022 жылғы 22-23 желтоқсанда ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ҚР ЦДИАӨМ) 5G-ге радиожиілік жолағын тағайындауға аукцион ұйымдастырды.
ҚР-да екі лоттың қорытындысы бойынша түпкілікті сома 156,1 млрд теңгені құрады. Егер әлемнің басқа елдерімен салыстырғанда ұқсас параметрлер бойынша қарастыратын болсақ, Қазақстандағы екі лоттың соңғы бағасы айтарлықтай жоғары болғанын атап өтуге болады.
Екі лоттың қорытындысы бойынша түпкілікті сома доллармен 338,7 млн АҚШ долларын құрады. Өз кезегінде, Чехияда 2020 жылы ұқсас параметрлер бойынша сома бар болғаны 45 миллион АҚШ долларын құрады, бұл ҚР-дан 7,5 есе аз.
Осыған ұқсас параметрлер бойынша Хорватия мен Швецияның тәжірибесін де атап өтуге болады. Мысалы, 2021 жылы Хорватияда 3600 МГц радиожиілігіне жалпы сомасы 56 млн АҚШ доллары төленді, ал Швецияда 3700 МГц радиожиілігін 228 млн АҚШ долларына сатып алды.
Осылайша, біз 5G желісіндегі радиожиілік ақысының ақырғы сомаларында айтарлықтай айырмашылықты көріп отырмыз. Бұл сәйкессіздіктің себептері неде деген сұрақтың жауабы жоқ.