Биыл қаңтар–қазанында ауыл, орман және балық шаруашылығына негізгі капиталға салынған инвестиция 778,2 млрд теңгеге жетті, бұл былтырғыдан 15,4% артық. Инфляцияны есепке алғанда нақты өсім 8,7%.
Инвестицияның басым бөлігі өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығына, аңшылыққа және осы салалардағы қызмет көрсетуге құйылды: 756,8 млрд теңге. Балық және аквашаруашылыққа 18,5 млрд теңге, орман және ағаш шаруашылығына 2,9 млрд теңге инвестиция тартылды.
Қаржыландыру көздері бойынша 2023 жылғы қаңтар–қазанда инвестицияның басым бөлігін кәсіпорындардың меншікті қаражаты құрады, бұл жалпы портфельдің 70,8%-ын немесе былтырғымен салыстырғанда 551,1 млрд теңгеге — 17% артық.
Банктік емес қарыз қаражат 196,4 млрд теңге (бір жылда 19% көбейген), банк несиелері 30,3 млрд теңге (бір жылда 21,2% азайған) құрады. Жергілікті бюджеттен 435,1 млн теңге инвестиция тартылса, былтыр бұл көрсеткіш небәрі 7,7 млн теңге болатын.