Несиелік серіктестіктердің несие портфелі 2023 жылдың қыркүйек айының соңында бір жыл ішінде 65% ұлғайып, 1 трлн теңгеге жетті.
Несиелік серіктестік несиелерінің жалпы көлемінің жартысына жуығы бір ғана компанияда — табиғи ресурстарды өндіру және өңдеу саласындағы жетекші әртараптандырылған компания Eurasian Resources Group-тың еншілес кәсіпорны ENRC Credit-те шоғырланған. ENRC Credit несие портфелі 2023 жылғы қыркүйектің соңында 486,4 млрд теңгені құрады.
Сондай-ақ айтарлықтай көлем «Оңтүстік Финанс-Ресурс» (67,3 млрд теңге), «Самал Финанс» (39,3 млрд теңге), «АКБ» (15,2 млрд теңге) және «Есіл» (10,2 млрд теңге) компанияларына тиесілі.
Несие портфелінің көлемі бойынша 5 үздік несие серіктестігі барлық берілген шағын несиелердің 60,8%-ын, ал үздік 20-ның үлесі 71,7%-ды құрады. Елімізде барлығы 209 несие серіктестігі лицензияланған.