Ұжымдық сақтандыру жүйесіне кіретін қазақстандық банктердегі халықтың шетел валютасындағы депозиттері биыл 1 маусымда 5,5 трлн теңге болды. Бұл бір ай бұрынғыдан бірден 89,5 млрд теңгеге аз. Ай сайынғы динамика бойынша тек алты банкте ғана өсім бар, соның үшеуінің ғана өсімі айтарлықтай.
Ай сайынғы өсім бойынша абсолютті көшбасшы ForteBank: 19,6 млрд теңгеге көбейіп, 365,7 млрд теңгеге жетті. Шетел валютасындағы депозиттердің ай сайынғы өсімі бойынша екінші орында Фридом Финанс банкі: 17,9 млрд теңгеге көбейіп, 358 млрд теңгеге жетті. Үздік үштікті Jusan Bank тұйықтады: 7,1 млрд теңгеге көбейіп, 216,9 млрд теңге болды.
Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне барлығы 21 ҚР ЕДБ-нің 19-ы қатысады. Олардың үлесіне жеке тұлғалардың барлық депозиттерінің 99,9%-ы немесе 17,4 трлн теңге келеді, оның 31,4%-ы шетел валютасындағы депозиттер. Жүйеге қатысушы екі банктің (Отбасы банкі және Ситибанк Қазақстан) депозиттік портфелінде жеке тұлғалардың шетел валютасындағы депозиті жоқ.
Анықтама үшін: бір жыл бұрын ұжымдық сақтандыру жүйесіне кіретін банктердегі жеке тұлғалардың шетел валютасындағы депозиттері 4,1 трлн теңгені немесе жеке тұлғалардың осы банктердегі депозиттерінің жалпы көлемінің 32,9%-ын құрады.