2023 жылы қаңтар–тамызда ақша аудару жүйесі (ААЖ) арқылы шетелге жіберілген қаражат көлемі 624 млрд теңгені құрады, бұл 2022 жылдың қаңтар–тамызымен салыстырғанда 9% аз. Транзакциялар саны 3,2%, 1,7 млн-ға дейін өсті, яғни бір аударым орташа есеппен 11,8%, 369,5 мың теңгеге дейін қысқарған.
ААЖ арқылы шетелден түскен қаражат көлемі бұдан да айтарлықтай төмендеді: бірден 2 есе, 2023 жылдың қаңтар–тамызында 210,5 млрд теңгеге дейін төмендеді. Транзакциялар саны 27,2% азайды. Шетелден алынған бір аударымның орташа көлемі 2022 жылы қаңтар–тамызда 410,9 мың теңге болса, 2023 жылы қаңтар–тамызда 276,2 мың теңге болды.
ААЖ арқылы шетелге жіберілген ақшаның жалпы көлемінің 75,7%-ы тек үш елдің үлесіне тиді: Өзбекстан (биыл қаңтар–тамызда 178,7 млрд теңге), Ресей (151,4 млрд теңге) және Түркия (142,6 млрд теңге). Оның үстіне Өзбекстан мен Түркияға аударым көлемі азайса (тиісінше 11,4% және 12,8%), Ресейге аударым, керісінше, 29,1% өсті. Грузияға да көп ақша жіберілді: 60,3 млрд теңге.
2023 жылдың қаңтар–тамызында ААЖ арқылы шетелден түскен қаражат көлемі бойынша Ресей көш бастап тұр: 80,5 млрд теңге. Бұл ретте бір жылдағы көрсеткіш 2,8 есе азайған. Одан кейін Өзбекстан (22,6 млрд теңге), Оңтүстік Корея (22,4 млрд теңге) және АҚШ (22 млрд теңге).