2023 жылғы қарашадағы АҚШ долларының ресми бағамы орташа есеппен 463,56 теңгені құрады, бұл биыл қазандағы орташа деңгейден 2,7%, ал 2022 жылғы қарашадағыдан 0,05% ғана төмен. Қарашада еуроның орташа бағамы 500,13 теңгені құрады, бұл өткен аймен салыстырғанда 0,6% төмен, бірақ 2022 жылғы қарашамен салыстырғанда 6% жоғары.
Ресей рублінің бағамы, керісінше, бір айда 4,5% өсіп, былтырғымен салыстырғанда 32,7% төмендеді. Қытай юанінің ресми бағамы 2023 жылдың қарашасында 64,08 теңге болды — бір ай бұрынғыдан 1,8%, ал былтыр қарашадағыдан 0,7% төмен.
Айырбастау пункттерінің қазақстандықтар арасында танымал АҚШ доллары мен еуроны таза сатуы былтырғымен салыстырғанда төмендеді. 2023 жылдың қаңтар–қарашасында АҚШ долларының таза сатылымы 1,55 трлн теңгені құрады, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,2% аз. Еуро көрсеткіші бір жылда 27,7%, 201,96 млрд теңгеге дейін төмендеді.
Биыл он бір айыа айырбастау пункттерінің ресей рублін таза сатуы мүлдем теріс мәнді көрсетті: минус 1,7 млрд теңге (яғни, қазақстандықтар рубль сатып алғаннан сатуды көбейткен). Былтыр көрсеткіш оң мәнде болып, бірден 275,06 млрд теңге болған.
Қазақстандықтар қытай юаніне айтарлықтай қызығушылық таныта бастады. 2023 жылғы қаңтар-қарашада ҚР айырбастау пункттерінің осы валютаны таза сатуы шамамен 1 млрд теңгені құрады — бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 7,9% және коронадағдарысы алдындағы 2019 жылғыдан 2 есе көп.