Қазақстандық эмитенттердің картоалары бойынша қолма-қол ақшасыз төлем 142 триллион теңгеге жуықтады

Фото: https://www.shutterstock.com/

2023 жылдың қаңтар–желтоқсанында қазақстандық төлем карталармен* жасаған қолма-қол ақшасыз төлемдердің көлемі 141,9 трлн теңгеге жетті, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бірден 36,7% артық.

Қазақстандық эмитенттердің төлем картлары бойынша жалпы айналымдағы қолма-қол ақшасыз төлемдер үлесі бір жылда 82,9%-дан 86%-ға дейін өсті. Айта кетейік, 2019 жылғы корона дағдарысына дейінгі жылдың өзінде бұл көрсеткіш 46,9%-ды құраса, 2020 жылы ол 70,4%-ға өсті.

Биыл жыл басында ҚР-да төлем карталарын екінші деңгейлі 18 банк пен «Қазпошта» АҚ шығарды. Бұл ұйымдар VISA International, Mastercard Worldwide, UnionPay International, American Express International және Diners Club International халықаралық жүйелерінің төлем карталарын шығарады және таратады. Қазақстандағы банктер жергілікті жүйелердің төлем карталарын шығарады: жергілікті Citibank Kazakhstan картасын «Ситибанк Қазақстан» АҚ шығарады, Kaspi.kz төлем карталары жүйесі «Kaspi Bank» АҚ-ға тиесілі.

* ҚР аумағында да, республикадан тыс жерлерде де

Қазақстандық эмитенттердің картоалары бойынша қолма-қол ақшасыз төлем 142 триллион теңгеге жуықтады