Былтыр ҚР-ға инвесторлар үшін табысты жыл болды деп айтуға болады: олардың табысы 11,4% өсті. ҚР Ұлттық Банкінің есебінше, осы кезеңде барлық елдерден инвесторлардың жалпы табысы 24,5 млрд АҚШ долларын құрады. Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылы ТШИ жалпы ағыны 28 млрд АҚШ доллары болған.
Көбірек инвестиция салатындар көбірек табыс алады. Инвестициялардың кіріс деңгейі бойынша алғашқы орында Нидерланд пен АҚШ. Батыс Еуропа елінен келген кәсіпкерлердің табысы 2022 жылы 8,8 млрд АҚШ долларын құрады, бұл ретте ТШИ-ның жалпы ағыны 8,3 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл жерде айта кету керек: инвестордың табысы тек дивидендтер мен қарыз құралдары бойынша сыйақыларды ғана емес, сонымен бірге қайта инвестицияланған сомаларды да қамтиды. Яғни, ақшаның бір бөлігі қайтадан қазақстандық компаниялардың айналымына қайтарылады.
2023 жылдың бірінші тоқсанында шетелдік инвесторлардың табысы 2022 жылдың қаңтар-наурызымен салыстырғанда 8,9% төмендеді. Барлық ірі инвесторлар шығынға ұшырады. Алайда Ресей, Франция, Кипр, Люксембург және басқа елдер өздерінің қаржылық көрсеткіштерін арттырды.
2022 жылы көрсеткіш 17,7%, ал биыл бірінші тоқсанда 10% өсті. 2022 жылы ел экономикасына ТШИ жалпы ағынының көлемі 28 млрд АҚШ доллар, 2023 жылдың бірінші тоқсанында 7,6 млрд АҚШ долларын құрады. Өсім негізінен Қазақстанның мұнай өндіру, сауда және қаржы секторына халықаралық компаниялардың қосымша инвестициялары есебінен тіркелді. Бұл салалар 58,4% үлеске ие және олардың әрқайсысы 2022 жылы айтарлықтай өсім көрсетті.