АҚШ долларының ресми бағамы 2023 жылғы қазанда орташа есеппен 476,65 теңгені құрады, бұл өткен айға қарағанда 1,9% және 2022 жылғы қазанға қарағанда 0,9% жоғары.
Еуро бір айда 0,6% қымбаттап, 503,34 теңгені құрады, ал 2022 жылдың қазанымен салыстырғанда оның бағамы 8,5% өсті.
Ресей рублінің ресми бағамы бір айда 1,2% өсіп, қазан айында орташа есеппен 4,91 теңгені құрады, ал 2022 жылғы қазанмен салыстырғанда рубль 36,5% арзандады.
Еліміздегі танымал шетел валюталарын айырбастау пункттерінің таза сату көлемі былтырғымен салыстырғанда төмендеді.
2023 жылдың қаңтар–қыркүйегінде АҚШ долларының таза сатылымы 1,1 трлн теңгені құрады, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңінен 8,9% аз. Биыл қаңтар–қыркүйекте еуроның таза сатылымы 31,1% төмендеп, 172,6 млрд теңгені құрады.
Айырбастау пунктері ең көп рубль сатуды азайтты: бірден 35 есе — 2022 жылдың қаңтар–қыркүйегінде 265,2 млрд теңгеден 2023 жылдың қаңтар–қыркүйегінде небәрі 7,6 млрд теңгеге дейін. Ресей рубліне деген қызығушылық Украинадағы соғыс басталғаннан бері төмендей бастады.