1 мамырда ҚР ЕДБ несие портфелі 25,2 трлн теңге болды. Төлем мерзімі 7 күннен артық кешіктірілген несиелердің үлесі 5,97%, 30 күннен артық кешіктірілгендер үлесі 4,96%, 90 күннен артық кешіктірілген (NPL 90+) несие үлесі 3,53% болды. Бір айда үздік он кредитор банктердің ішінде тек үш ЕДБ ғана NPL 90+ көлемін төмендете алды.
Ең жақсы көрсеткіштер Отбасы банкінде: 2% азайып, бар болғаны 2,5 млрд теңге ғана болды. Бір қызығы, банк 30 күннен артық кешіктірілген қарыздарды азайтудан да көш басында (бір айда 13,1% азайған), сондай-ақ 7 күннен артық кешіктірілген қарыздарды азайтудан да (бір айда бірден 21,4% азайған) ең алда. Нәтижесінде, банк портфеліндегі 7 күннен артық кешіктірілген қарыз үлесі 0,98%, 30 күннен артық кешіктірілген қарыз үлесі 0,43%, ал NPL 90+ үлесі бар болғаны 0,08% ғана. Бұл ҚР-да халық пен бизнесті несиелейтін ірі банктер арасындағы ең жақсы көрсеткіш. Отбасы банкінің несие портфелі биыл 1 мамырында 3 трлн теңгеге жетті (бір айда 0,8% көбейген).
Несие портфеліндегі NPL 90+ ай сайынғы төмендеуі бойынша екінші орында ЦентрКредит банкі: 0,8% айзып, 48,3 млрд теңге болды. Бұл ретте банктің несие портфеліндегі 7 күннен артық кешіктірілген несие үлесі бір айда 19,2% өссе, 30 күннен артық кешіктірілген қарыз үлесі 0,6% төмендеді. Банктің қарыз портфелі 1 мамырда 2,4 трлн теңге болды.
Ай сайынғы динамикадағы NPL 90+ үлесін төмендеткен үшінші банк Jusan Bank: 0,7% азайып, 130,2 млрд теңге болды. Бұл банктің несие портфелінің 10,69%-ы. Несие портфелінің өзі 1 мамырдағы жағдай бойынша 1,2 трлн теңге.