Қазақстан — балалары көп жас ел. Биылғы жылдың басына қарай елімізде 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен балалардың саны 6,3 млн адамға жетті, бұл былтырғы көрсеткіштен 4,8% артық. Салыстыру үшін: жалпы елдегі халық саны 3,3% өсті. 16 жасқа дейінгі жас қазақстандықтардың үлесі қазірдің өзінде ел халқының жалпы санының 32,5%-ын құрап отыр, былтыр бұл көрсеткіш 32,1%-ды құраса, бес жыл бұрын 30,2%, он жыл бұрын 27,8% ғана болған.
9 жасқа дейінгі балалар санына келер болсақ, елде олардың саны 4 млн (20,5%, 5 жыл бұрынғыдай), ал 10-нан 16 жасқа дейінгі балалар саны 2,4 млн (12,1%). 5 жыл бұрын олардың үлесі ел халқының 9,7%-ы ғана болды және бұл көрсеткіш жылдан жылға өсіп келеді.
«Үлкен өмірге» аяқ басқалы тұрған жасөспірімдер ересек өмірге барынша тиімді бейімделуді қажет. Елде және шетелде қаржы нарықтары мен қызметтерінің даму жылдамдығын ескере отырып, есейген кезде дайын және қажетті білімге ие болуы үшін өмірдің ең ерте сатысында қаржы әлеміне интеграциялануы керек.
Қазақстан Республикасында бірегей қаржылық өнім — 10 мен 16 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған Jusan Junior инвестициялық қосымшасы бар. Jusan Junior — қор нарығына инвестиция салу әлеміне нұсқаулық ретінде жасөспірімдерге арналған Jusan экожүйесінің бөлігі. Балалар инвестициялық құралдарға және KASE Global тізіміндегі кез келген акцияларға, сондай-ақ қазақстандық компаниялардың KASE қазақстандық қор биржасындағы акцияларына қол жеткізе алады, ал ата-ана бақылауы мен ақылға қонымды шектеулер жүйесі ересектерге әрқашан саусағыңызды қадағалап отыруға мүмкіндік береді.