Биылғы қараша айының қорытындысы бойынша балаларды дамыту орталықтары қызметтерінің құны жылдық динамикада 11,3% өсті.
Баға ең көп өскен Жамбыл облысы: бір жылда 39,3% қымбаттады. Одан кейін Солтүстік Қазақстан (36,4%) және Түркістан (35,1%) облыстары. Ең аз жылдық баға өсімі Алматы қаласында тіркелді: 1,1%.