ru / en

Төлем карталарын қолданушыларға, банктеріміз, есеп-айырысудың қолма-қол ақшасыз төлем түрінің артықшылықтарын түсіндіре алмай келеді. Бір жыл ішінде белсенді карталардың саны 20%-ға өссе, қолма-қолсыз төлем көлемі 9%-ға ғана өскен

27 Март 2014

Нәтижесінде, бір белсенді картаға шаққандағы қолма-қолсыз төлемнің айлық көрсеткіштерін (2014-2013 жылдардың қаңтар айлары) салыстырсақ, төлем 900 теңгеге қысқарып, 8,7 мың теңгені құрады.  

 

 

Бір белсенді картаға шаққандағы қолма-қол ақшасыз төлемнің көлемі. ҚР аймақтары. Қаңтар 2014

27 Март 2014
27.03.2014-1ҚАЗ.gif

2014 жыл, қаңтар айының қорытындысы бойынша бір белсенді картаға шаққандағы қолма-қолсыз төлемнің көлемі бойынша Астана қаласы алда тұр - 18,2 мың теңге. Көрсеткіш бойынша тізімнің соңына жайғасқан Солтүстік Қазақстан облысы - 3,1 мың теңге.    

27.03.2014-2ҚАЗ.gif

Алматы шаһарына келсек, бір белсенді картаға шаққандағы қолма-қолсыз төлемнің көлемі бір жыл ішінде 16,2 мың теңгеден 11,7 мың теңгеге дейін азайған. Бұл жағдай, төлем инфрақұрылымының қатары жаңа қолданушылармен белсенді толығу нәтижесінде туындап отыр. Яғни, қаладағы белсенді карталардың саны бір жыл ішінде күрт өскен болса (58%-ға), қолма-қолсыз есеп айырысу көлемінің өсімі қалыпты деңгейде - 14%. 

27.03.2014-3ҚАЗ.gif

Фильтр

  • Банки
  • Регионы
  • Отрасли

Фильтр имеет двухуровневую систему. Чтобы выбрать один объект, необходимо нажать на ссылку, чтобы отобразить взаимосвязи объекта с другими показателями, необходимо поставить галочку напротив интересующих показателей и нажать кнопку "выбрать"

Вернуться к списку статей