ru / en

2013 жылдың қорытындысы бойынша, еңбек үстеме сыйақысының (он үшінші айлық; әр айға бөлініп қосылады) ресми қоры 102 миллиард теңгені құрады. 2012 жылмен салыстырғанда, бұл көрсеткіш 12 миллиардқа артық

29 Январь 2014
Қазақстан бойынша, еңбек үстеме сыйақы қорының, орта айлық жалақы қорына қатысты өсімі 26%-дық көрсеткішті құрады.

 

 

2013 жылдың қорытындысы бойынша еңбек үстеме сыйақы қорының көлемі. ҚР аймақтары

29 Январь 2014
Еңбек үстеме сыйақы қорының, орта айлық жалақы қорына қатысты ең жоғарғы өсімі - Астана қаласында (45%-ға, яғни 17,8 миллиардқа). Астаналықтардың 2013 жылдық еңбек сыйақы қоры 1,4 миллиард теңгеге өскен. 

ФЗП1ҚАЗ.gif

Алматы қаласындағы он үшінші айлық қор көрсеткіші құлдырауға ауып, 2013 жылы 0,7 миллиард теңгеге қысқарған. Қорытындысында, он үшінші айлық қорының Алматыдағы көрсеткіші Астанамыздың деңгейімен теңесіп, 17,8 миллиард теңгелік көрсеткішке түсті. 

Он үшінші айлық қорының ең қарқынды көрсеткіші - Атырау облысында, бір жыл ішінде екі есе өскен (нақты айтсақ: 2013-те 7,8 миллиард болса, былтырғы көрсеткіш 4 миллиард). 

ФЗП2ҚАЗ.gif

Еңбек үстеме сыйақы қорын есептеу әдістемесі: желтоқсан айының еңбек ақы қоры - қараша айының еңбек ақы қоры - (жылдың 11 айындағы, еңбек төлемақы қорының орта айлық өсімі). 

Поделиться:

Фильтр

  • Банки
  • Регионы
  • Отрасли

Фильтр имеет двухуровневую систему. Чтобы выбрать один объект, необходимо нажать на ссылку, чтобы отобразить взаимосвязи объекта с другими показателями, необходимо поставить галочку напротив интересующих показателей и нажать кнопку "выбрать"

Вернуться к списку статей